Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 182-бабы
"Жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы құқықтары мен міндеттері»
«2. Жұмыс беруші міндетті:
басшылар мен еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдарды еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша біліктілікті арттыру ұйымдарында еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган анықтаған, жұмыс берушінің актімен бекіткен тізіміне сәйкес үш жылда бір рет мерзімді оқытуды және білімдерін тексеруді ұйымдастыру.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1019 «Қызметкерлерді, басшыларды және еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты тұлғаларды еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқытуды, оларға нұсқама беруді және білімдерін тексеруді жүргізу ережелері мен мерзімдерін бекіту туралы» бұйрығы
«7) оқу орталығы – басшы және жауапты қызметкерлерін еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды және біліктілікті арттыруды жүргізетін ұйым.
«35. Жауапты қызметкерлер еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі білімді кезектен тыс тексеруден келесі жағдайларда өтеді:
1) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі жаңа нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілген кезде және олар қолданысқа еңген кезде;
2) жұмыс берушінің шешімі бойынша жаңа жабдықты пайдалануға беру немесе жаңа технологиялық үрдістерді еңгізу кезінде;
3) жұмыс берушінің шешімі бойынша еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөнінде қосымша білімді талап ететін басқа лауазымды тағайындаған кезде немесе жауапты адамды басқа жұмыс орнына ауыстыру кезінде;
4) топтық, өліммен немесе ауыр (мүгедек) жағдаймен аяқталған, сондай - ақ апат, жарылыс, өрт немесе улану туындаған кезде жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру жөніндегі комиссияның шешімі бойынша;
5) жұмыста бір жылдан астам үзіліс болған кезде.»
Оқу орталығы - "Кадрлардың біліктілігін арттыру, қайта даярлау орталығы" ЖШС басшылар және еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдарға оқыту жүргізеді (ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1019 «Қызметкерлерді, басшыларды және еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдарды еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқытуды, оларға нұсқама беруді және білімдерін тексеруді жүргізу ережелері мен мерзімдерін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес)
25.08.2011 ж. – САР есепші- практик біліктілігі берілгендігін растайтын халықаралық сертификат;
29.08.2013 ж. – «Тиімділік үшін» медалі- ардақты үздік белгісімен марапатталды;
13.01.2014 ж. – кәсіби есепші біліктілігі берілгендігін растайтын ұлттық сертификат.
08.11.2006 ж. – «Қазақстан Республикасының ардақты білім жұмыскері» төс белгісімен марапатталды;
29.08.2013 ж. – «Қазақстан мәртебесі» ордені- ардақты үздік белгісімен марапатталды;
05.08.2015 ж. – Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығына орай марапатталды.