• Қауіпсіздік үшін төлеу, онымен қамтамасыз етпеу үшін зардабын тарту қажет.
  • Қайғылы оқиғаны жеке қорлық деп қарағандар қайғылы оқиға түспейді.
  • Кадрлар барлығын шешеді.
  • «...Жұмыс- өмірдің мәні. Барлық жағымсыздықтардан, қайғылардан арылуды тек бір ғана нәрсе- жұмыстан табуға болады...»
  • «...Жұмыс- рахаттанып өмір сүрудің ең үздік тәсілі...»

БІЗ ТУРАЛЫ

«Кадрлардың біліктілігін арттыру, қайта даярлау орталығы» ЖШС

Demo Picture

Павлодар облысында білім беру қызметінің толық бәсекелес нарығында 9 жыл- бекемдікке деген тексерістен өтілген мерзім.

Ерекше айта кететіні, жыл сайын саладағы бәсекелестік өсуде. «Кадрлардың біліктілігін арттыру, қайта даярлау орталығы» ЖШС қалыптасу мен дамудың ауыр жолынан өтті.

Сапалы білім беру қызметтері бар ашық, икемді, серпінді дамып жатқан білім беру кәсіпорны- осы күнге дейінгі Кадрлардың біліктілігін арттыру, қайта даярлау орталығының портреті осындай.

Ересек адамдарды қайта даярлау, біліктілігін арттыру, қосыша білім беру саласында сеніммен үздік болуға бізге заманауи материалдық- техникалық база, кәсіпқойлық, тәжірибе жағдай туғызады. Оқыту жүйелі түрде жүзеге асырылып, белгілі үлгідегі сертификаттар, куәліктер, біліктілік куәліктерін табыстаумен расталады.

Біздің басты артықшылық- материалдық базаны тұрақты дамыту.

Оқушыларға толыққанды жабдықталған электротехника мен материалтанудың зертханалары, дәнекерлеушінің доғалық құралы, электромонтерлер мен электромонтажшыларды даярлауға арналған стенд, шетелдік үлгідегі заманауи станоктық жабдық, техникалық әдебиет және электрондық кітаптармен жабдықталған кітапханамен қызмет көрсетіледі. Оқыту үрдісінде компьтерлік зертханалар проекторлар, интерактивтік тақта әр түрлі көрнекіліктер қолданылады. Сапалы оқудың міндеттеріне табысты қол жетуге білім беретін оқытушылық құрам жете таңдап алынған.

Қайта даярлау, біліктілікті арттыру Орталығы қызметі табысының өлшемі келесі әділ жетістіктер:

1. Әлеуметтік- экономикалық сипаттағы маңызды мемлекеттік бағдарламаларға қатысушы: «Кадрларды кәсіби даярлау және қайта даярлау», «Жол картасы», «Бизнестің жол картасы- 2020», «Жұмыспен қамтудың жол картасы- 2020».

2. Аймақаралық және халықаралық деңгейге шығу- Павлодар облысы аймағы бойынша оқытуға шығу арқылы қызмет шегін кеңейту. Қостанай облысы, Семей қаласы (Шығыс Қазақстан облысы) және басқа мемлекеттер (Ресей Федерациясы, Германия) кәсіпорындарымен жұмыс жүргізілуде.

3. Көп жыл қатарында кәсіпкерлік субъектілері арасында басты орын алады, сала көшбасшысы, ұлттық бизнес- рейтинг жүйесінде «Рейтинг алтыны» марапатының иегері.

4. Біздің ұйымда қайта даярлаудан, біліктілікті арттырудан өткен 6000-нан астан адам, 400 ұйым біздің тұрақты серіктестермізге айналды.

Бұл мемлекеттік органдардың, бизнес- құрылымдарының, әр түрлі жеке меншік формалары кәсіпорындарының бізбен жұмыс жасауға деген сенімі, біз бағалаймыз және осы қарым – қатынасты барлық күш- жігермен сақтауға тырысамыз.

Біздің басты ерекшелік пен бастапқылардың бірі болып тиімді оқытудың принциптерін жүйелі іске асыру болып саналады:

- көлік қолжетімділігі (біз қаланың көптеген автобус маршруттары жүретін орталықта орналасқанбыз), бұл оқушыларға немесе заңды тұлға-тапсырыс берушілер өкілдеріне өз уақытын жоспарлап, тиімді етуге жол береді, ал алғашқы рет келетін жағдайда ұйымның орналасуын оңай табуға мүмкіндік туғызады;

- білім беру профилі ғимаратының жеке орналасуы , оның ішінде оңай жүріп- тұруына, оқу- практикалық, зертханалық бөлмелерге тез қол жеткізуге, кең, ашық аудиторияларда жайлы білім алуға жағдай жасайды;

- біздің қызметтің баға қолжетімділігіне арналған «баға-сапа» орынды байланысын қолдауға деген талпыныс;

-бағдарламалардың, оқу кестелерінің тиімділігі, мүмкіндігі шектеулі тұлғалар үшін де білім беру қызметінің қол жетімдігіне арналған жеке білім алу.

Кадрлардың біліктілігін арттыру, қайта даярлау орталығы жұмысының негізгі бағыттарының бірі – бұл жұмыс мамандықтары бойынша қысқа мерзімді даярлау және қайта даярлау, жол саласына арналған жұмысшы кадрларды даярлау.

Жүйелі негізде мамандар мен қызметкерлерді даярлау, разрядты көтерумен оқыту жүргізіледі. Тапсырыс берушілер арасында білікті жұмыскерлерді қалайтын жұмыс беруші-ұйым, сонымен қатар оқу ақысын өз қаражатымен төйлейтін жеке тұлғалар.

Өнеркәсіп, тұрғын – үй коммуналдық шаруашылығы, білім, қоғамдық тамақтану, ауыл – шаруашылық сияқты салаларда қажеттілігі жоғары мамандықтарға аймақтық еңбек нарығын қадағалаймыз. Біздің қоржында 50 мамандық бар және даярлау мамандықтары тізімін жаңартуға арналған мониторингті әрдайым жүргіземіз.

Павлодар аймағын өнеркәсіптік алыптар, энергетикалық, химикалық компанияларсыз, көлік және коммуналдық инфрақұрылымсыз, құрылыс объектілерсіз елестету мүмкін емес.

Бұл өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында (қауіпті -өнеркәсіптік мамандықтар, механизмдерді және қысым астындағы жабдықтарды басқару, қауіпті -өнеркәсіптік объектілерді пайдалану,қауіпті жүктерді тасымалдау, ИТЖ аттестаттау) сапалық оқытуға тұрақты сұранысты білдіреді.

Кадрлардың біліктілігін арттыру, қайта даярлау орталығы өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында оқыту сұрақтары бойынша көшбасшылардың бірі, себебі бұл сала дилетантизмге төзбейді, кәсіпқойлықты, дәйектілікті, сенімділікті, жоғарғы класстағы оқыту деңгейін талап етеді.

Берік ұстанымдармен ұйым осындай да бір-бірімен байланысты бағыттар бойынша: кез келген заңды тұлғаларға қажетті - қауіпсіздік және еңбекті қорғау, өрт және электр қауіпсіздігі саласында білім береді.

Берілген бағыттар кешені бойынша даярлаудың материалдық – техникалық базасымен бекітілген мәнді тәжірибе жиналған.

Бәсекелестік шарттар, әсіресе, «ойын ережелері- тұрақсыз заңнаманың» тұрақты өзгеру шарттарында басшылар мен жұмыскерлердің тұрақты жетілуін талап етеді.

Кадрлардың біліктілігін арттыру, қайта даярлау орталығы кәсіпорындар қызметінің түрлі аспектілері бойынша тренингтерді, семинарларды өткізу бизнесі мен уақытының осы сұрағына жауап береді (бухгалтерлік есеп, кадрлық менеджмент, еңбек заңнамасы және т.б).

Серіктестік, өзара қатынас, даму, жаңа шақырулар мен міндеттер үшін біздің есігіміз ашық.